НӘЛІБАЕВ БАСҚАРМАЛАР САНЫН ҚЫСҚАРТТЫ

1 783
Облыстық мәслихаттың бүгінгі сессиясында Қызылорда облысының жаңа басқару схемасы қабылданды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетсек біршама жылдар бойы облысымызда түрлі басқармалардың Мемлекеттік  атқару және билік жүргізу  органдарының құрамындағы әкімшілік бөлімшелердің көптігінен көз сүрінер едік. Расымен   бүгінге дейін об­­лыстық әкімдік жұ­мыс көрін­­бейтін, аты дардай бас­қар­малар ашып, әркімге бір үлес­тірумен келді. Қолда тұрған­да қо­нышынан басқандар үнем­­­­шілдікті, ысырапшылдыққа жол бермеуді, талап пен тәртіпті ұмытқандай.  Бір басқармада 5 адам билік жүргізген күндер де бар. Бұдан халыққа келген бес тиын да пайда  болған жоқ. Тек әурешілік пен ысырапшылдық екенін іштей білетінбіз. Алайда, бүгінгі басқармалардың азайғандығы халық үніне құлақ асты деген үміт отын сыйлайтындай. 
Сонымен,  облыс әкімдігіне тағайындалғанына небәрі 8 күн болған жаңа әкім  Нұрлыбек Нәлібаев өңіріміздегі саны көп сапасы жоқ 24 басқарманы 16 басқарма етіп ықшамдаған бастамасын «Аmanat» партиясының облыстық депутаттар фракциясынан қолдау тапты.
Президент пәрменіне сай облыстық әкімдік құрылымында бірқатар өзгеріс орын алды. Нақтырақ айтсақ, Қызылорда облысында бүгін 8 басқарма қысқартуға ұшырады. 
Ауыз толтырып Дін басқармасы деп атап жүрген басқарманың бес қызметкерден ғана құралғандығы   аталып өтті. Бұл туралы «Аmanat» партиясының облыстық депутаттар фракциясының мүшесі 


«Дін басқармасы қысқарып, Дін басқармасы Ішкі саясатқа қосылып, жаңадан Қоғамдық даму басқармасы аталатын болды. Жоғарыда мәдениет және спорт министрлігінің біріктірілгені белгілі. Соған орай өңірлерде де екеуі ықшамдалып, мәдениет және спорт басқармасы болып біріктірілді»,- деді  өзінің әлеуметтік  парақшасында Сарсенкул Бихожа

Айта кету керек, облыстық мәслихаттың бүгінгі сессиясында талқыланған жаңа басқару схемасы жергілікті халық тарапынан да қолдау тапты. 
Ең қызығы еңбекті бақылау бағытындағы басқармаларда бір болып, Бақылау жөніндегі басқармасы болып құрылады. 
Жаңа басқару құрылымы қаржы тиімділігін арттырамыз деп бір-біріне қосылған басқармалардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы нашарлап кетпейді ме деген күдік те жоқ емес.


Жұртшылық арасында спорт пен мәдениеттің қосылуына орай пікір білдірушілер арасынан «спорт саласы енді шетте қалып кете ме?» деген  сұрақтарды да кезіктіруге  болады. Бұл ретте облыс әкімі:


«Біздің мақсатымыз басқармаларды біріктіру арқылы қызмет сапасын арттыру. Әрине басшылық құрам қысқарады, соған орай басқару аппаратының шығындары да азаяды. Мәселен, басшылардың көлік мәселесі дегендей. Бірақ, қызмет сапасы төмендемейді. Өйткені халыққа сапалы қызмет көрсетіп, ел көңілінен шығу бізге де абырой. Әрі біз тыңнан түрен салып, өз бетімізше жаңалық ашып жатқанымыз жоқ. Қазіргі жағдайға орай өңірлердің барлығында дерлік осындай өзгерістер орын алады.
Спорт пен мәдениеттің қосылуына орай мәдениет саласы немесе спорт төмендеп қалмайды ма деп қауіптенудің қажеті жоқ. Біз керісінше олардың жағдайын күшейтеміз,» - деп қысқа қайырды облыс әкімі  Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлы.


Расында, жаңа әкім жаңа құрам мен тың идеалардың жүзеге асатын сәті. Алайда, осы күнге дейін өңірлік әкімдік пен мәслихаттың мүлтіксіз отырып, басқармалардың санын жаңбырдан кейінгі шыққан саңырауқұлақша көбейтіп әрекетсіз отырғандығы тәнті етті. Десек те, облыс әкімдігінің жаңа бастамасына пікір білдірушілердің бірі:



Сонымен алдарыңызға Қызылорда облысын басқарудағы жаңа схеманы ұсынамыз:
 «Экономика және қаржы басқармасы»;
«Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»;
«Мемлекеттік сатып алу басқармасы»;
«Қоғамдық даму басқармасы»;
«Денсаулық сақтау басқармасы»;
«Мәдениет және спорт басқармасы»;
«Бақылау жөніндегі басқармасы»;
«Білім басқармасы»;
«Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;
«ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы»;
«Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»;
«Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
«Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»;
«Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы»;
«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы»;
«Ветеринария басқармасы» .


Айта кету керек, бірқатар басқармаларды біріктірудің арқасында бюджет қаражаты да үнемделетін болады дейді мамандар.

АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ