Бір адам ауыр халде...

410

Фото: polisia.kzҚарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Оқиға салдарынан ауруханаға өте ауыр халде ер адам жеткізілді.
Қайғылы оқиға Қарағандының 21-інші шағынауданында, бесінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде болды. Сыйымдылығы 27 литр болатын газ баллоны жарылған. 
"16 наурызда сағат 00.45-те Қарағандының 21-шағынауданында 5-қабаттағы бір бөлмелі пәтерде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, 5 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздары жанып кетті. Өрт орнынан 1994 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді. Өрт 1 сағат 19 минутта сөндірілді. ТЖД күшімен баспалдақ маршы бойынша бір адам құтқарылып, 25 адам (оның ішінде алты бала) эвакуацияланды.
 Оқиға орнына ТЖД-нің 40 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, оттың шығу себебі – 27 литрлік газ баллонының редукторынан газ-ауа қоспасының ағып кетуі. Қарағанды облысының ТЖД еске салады: 2 қабаттан артық қабатты көппәтерлі үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салынады. Тек жарамды газ жабдықтарын пайдалану қажет", - деп хабарлады Қарағанды облыстық Төтенше жағдай департаменті. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.