Табиғат жанашырлары мен белсенді азаматтар марапат төрінен көрінді

1 534

Фото: Жалағаш ауданыПрезиденттің аймақтарды абаттандыру және көгалдандыруды бастау жөніндегі тапсырмасына және облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың ауыл аймақтарда санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу жөніндегі Үндеуіне сәйкес үстіміздегі жылдың 6 сәуірінен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысқан табиғат жанашырлары марапатталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Табиғат ананың мейіріміне бөленген бүгінгі белсенді тұрғындарға аудан әкімі Ардақ Ибраимов шынайы алғысын білдіріп, үлгілі бастамаларға тоқталды.


«Бұған дейін аудан тұрғындарын тазалық жұмыстарына белсене қатысуға шақыратын үндеулер жариялаған болатынбыз. Осы ретте жерлестеріміздің басым көпшілігі тазалық жұмыстарына белсенді араласты.
Алдағы уақытта «Үздік көше» байқауын жариялап, көшелерімізге де сән береміз деген ойдамын.
Бұл да болса аудан тұрғындарының «Жалағаш – ортақ мекеніміз» екенін және аудан көшелерінің айнадай таза болуына септігін тигізеді деп есептейміз.Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, өзі тұратын үйді, аймақты, өлкені таза ұстау және ағаш отырғызу оны күтіп баптау әрбір азаматтың елжандылық парызы деп білемін»,- деді аудан әкімі.


Белсенділерді марапаттау шарасында аудан әкім Ардақ Ибраимов елімізде су тасқыны орын алған аймақтарға көмек қолын созған азаматтарға ерекше тоқталды. Тілсіз жауды тізгіндеуде батылдық танытқан бүгінгі батырларды құрмет төріне шығарып, аудан халқы атынан алғысын білдірді.


Әр аптасы арнайы тақырыптарға арналып, бес аптаға созылған науқанға жалағаштықтар да бір ауыздан атсалысты.«Таза Қазақстан» республикалық акциясы барысында ауданда «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» апталықтары аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.


Науқанға барынша үлес қосу және елімізді көркейту-көгалдандыру мақсатында ардагерлеріміз, батыр аналарымыз, еріктілер мен белсенділер, тұрғындар мен жастарымыз жоспарланған әрбір шараға белсене қатысты.


Биылғы көктемгі тазалық айлығы басталғалы бері ауданымызда да апта сайын сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, бүгінгі күнге 15 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 65 мың тонна күл-қоқыс арнайы белгіленген орындарға шығарылды.


Сондай-ақ, кент және ауылдық округтерде аяқ су жүретін арықтар қазылып, жалғызбасты қариялардың аулалары тазаланып, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағына, орталық көшелерде, аллеялар мен саябақтарда көркейту-көгалдандыру абаттандыру жұмыстары жүргізілді.