Нұр-Сұлтанда әріптесінің атынан 4 мәрте онлайн-несие рәсімдеген балабақша тәрбиешісі ұсталды

330

Фото: pixabay.comНұр-Сұлтанда әріптесін алдап, оның атына онлайн-несие рәсімдеген балабақша тәрбиешісі ұсталды.
Ведомствоның мәліметінше, тергеу барысында 26 жастағы бойжеткеннің әріптесінің атынан шағын неси ұйымдары арқылы 4 мәрте онлайн-несие рәсімдегені анықталған. 

Ал ақшаны алу үшін өзінің картасы бұғатталып қалғанын айтып, жәбірленушіден аударым жасау үшін карта нөмірін көрсетуін өтінген.
 
Ештеңеден сезіктенбеген әріптесі несие арқылы түскен ақшаны картасынан шешіп алып, оны күдіктіге берген. 
"Тергеу барысында күдіктінің қылмысты алдын ала үйымдастырғаны анықталды. Кездесу барысында ол әйелдің ұялы телефоны арқылы жеке куәліктің суреті мен банк шотына қол жеткізген. Басқа біреудің деректерін пайдаланған күдікті онлайн-несие рәсімдеген", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі. 
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалған. 

Полицияның дерегінше, бойжеткен бұған дейін де осыған ұқсас қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Осы орайда полиция қызметкерлері азаматтарға аса сақ болып, бөтен адамдарға банк картасының реквизиттері мен құпиясөз жазылған хабарламаларды айтпау керектігін тағы еске салды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда сүйіктісінің үйінен үш смартфонды ұрлап кеткен таксист ұсталғанын жазған едік.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.