Қызылордада 7 жасар баланың аяғына айыр кіріп кеткен

1 217

Фото: istockphoto.comҚызылордада құтқарушылар айырмен аяғына зақым келтірген балаға көмектесті, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында болған. 2017 жылы туған ұл баланың аяғына айырдың тісі кіріп кеткен.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатты. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.