"Ұлыма қарап жүрегім қан жылайтын": Бес жасар шымкенттік балақай Түркия ауруханасынан ракты жеңіп шықты
321
Шымкент қаласының бес жасар тұрғыны Иманғали Бауыржан тоғыз айдан бері Түркияның Анталья қаласында емделіп жатыр. Бүгінге дейін балақай бірнеше рет химиотерапия қабылдап, әлемдегі ең ауыр оталардың бірін басынан өткерді. Иманғалидің сүйек кемігі ауыстырылып, көпшілік шыдай бермейтін ауыр сынақтан аман қалды. Ал екі жарым жыл бұрын "лейкоз" диагнозы қойылып, бүгінде адам танымастай өзгерген балапанның жазылып кетеріне көп ешкім сенбеген болатын. Тек ата-анасы ғана баланың өмірі үшін тоқтаусыз күресіп келеді.
Иманғалидің анасы Әйгерім Алматова арпалысқа толы күндерді еске алды.
"Біз Шымкент қаласында тұрамыз. Біреуден ілгері, біреуден кеш күн кешкен қарапайым жанұямыз. Ұлым Иманғали екі жарым жасқа келгенде "лейкоз" диагнозы қойылып, төбемізден тас түскендей болды. Бүкіл әлем аударылып кеткендей күй кештік. Өйткені, бұл ең ауыр, емделуі екіталай қатерлі дерт. Алғашында абдырап қалғанмен, кейін дереу өзімізді қолға алып, балапанымыздың өмірі үшін күресті бастадық.

Тағы да оқыңыздар
ОРТАЛЫҚ АЛАҢ АШЫЛДЫ
1 534