Жаңа оқу жылынан бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

566
Жаңа оқу жылынан бастап педагогтарды жұмысқа қабылдаудың жүйесі өзгереді. Ал, 2022 жылдың қаңтарынан балабақша мен мектеп, колледж мұғалімдерінің жалақысы тағы 25%-ке өседі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз кеңесінде мәлімдеді.

Бас ұстаздың айтуынша, осыған дейін мұғалімдерді мектеп директоры қабылдаса, қазір олар электронды форматта конкурстан өтеді. Сонымен қатар мектеп директорларын тағайындау жолы өзгермек. Жаңа тағайындау жүйесі жетекшілердің жұмыс тиімділігін арттырады. Себебі, бір орында 25-30 жыл табан аудармай істеген басшылар бар. Әрі мектеп басшылығының жалақысы да көтерілетін болады. Сондай-ақ бұдан былай мұғалімдердің біліктілігін бес жылда бір рет емес, екі немесе үш жылда бір өткізілуі мүмкін.


Білім және ғылым министрінің айтуынша, колледждерге академиялық дербестік берілді. Енді олардың өздері жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімдерін айқындайтын болады. Білім беру бағдарламалары студенттерге қажетті білім алып, қысқа мерзімде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.