Балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ойыншықпен ұрған

1 581

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотПавлодарда балабақша тәрбиешісінің балаларға дөрекі қарым-қатынас жасаған сәті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Балалардың ата-аналарының айтуынша, видеода мұғалімнің балаларға дөрекі қарым-қатынас жасағаны, бір қызды себепсіз арқасынан, бір баланы желкесінен итеріп, тағы бір баланың басынан ойыншықпен ұрғанын көруге болады. Сонымен қатар әйелдің балаларға ұрсып жатқаны анық байқалады.


Ата-аналар кейінгі кезде балаларының үрейленіп, балабақшаға барудан бас тартқанын айтты.

"1 шілдеде Павлодар қаласындағы балабақшаның ортаңғы тобының ата-аналары бейнебақылау камераларын қарауды өтініп, басшының міндетін атқарушыға жүгінді. 2024 жылғы 26-27 маусымдағы күндізгі жазбаларды қарау кезінде мұғалімнің дөрекі қарым-қатынас фактісі тіркелді. Қазір мұғалім жұмыстан босатылды", – деді Павлодар қалалық білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдралин. 


Сондай-ақ білім бөлімі бұл оқиға туралы ата-аналардың шағымынан кейін білгенін айтты.


"Балабақша директоры демалыста. Білім бөліміне дер кезінде хабар бермегені үшін барлық материал құқық қорғау органдарына беріледі", — деді Қыдралин.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.