Болат Назарбаевтың жаназасына келген қонақтар қатаң тексерістен өтуде

1 565

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында Болат Назарбаев жерленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

14 қарашада Шамалғанда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың жаназасы шығарылды. 


Үйге бірнеше кортеж келген, ал көліктен түскен адамдар беттерін жасыруға тырысыпты. Жаназа шығарылғаннан кейін қонақтар зират басына бет алған.


Сонымен қатар Болат Назарбаевтың жаназасына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Әлихан Смайылов келді. 


Сондай-ақ жерлеу рәсіміне байланысты көше жабылған. Ал келген қонақтарды күзет қатаң тексерістен кейін ғана кіргізді.


Бұған дейін ол соңғы 2 жыл бойы төсек тартып жатқаны туралы хабарланған еді. Оған қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан асқынған көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.