Қолына пышақ ұстап, жалаңаш жүрген ер адам балаларды қорқытқан
Семейде №29 мектептің жанында оқушының әкесі қолына пышақ ұстаған жалаңаш ер адамды байқаған. Полиция әзірге ол адамды әлі тапқан жоқ, бірақ патрульдеуді күшейтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпаратты ата-аналар мектеп чатында жазған.
Оқиға екінші ауысым оқушыларының сабақтары аяқталған кезде кешкі уақытта болған.
Семей полициясына бұл оқиға туралы хабарлама түскен жоқ, алайда құқық қорғау органдары оқу орны аумағында патрульдеуді күшейтетін болды.
Қаз
Рус






