Жезқазғанда 2 жүк пойызы соқтығысып қалды

308
Жезқазған қаласының Комбинатская станциясында екі жүк пойызы соқтығысты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Оқиға 23 наурыз сағат 11.15-те Комбинатская станциясында болған. 
"Tranco JEZZ" ЖШС-де (Транко Жез), Комбинатская станциясында келіп жеткен жүк тиелген 17 думпкар мен Комбинатская станциясында тұрған жүк тиелген 20 думпкар пойызы соқтығысқан. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда", - деп хабарлады Жезқазған қалалық ТЖБ. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, тепловоздардың бірінде тежегіш жүйесі істен шыққан. Айта кетейік, Павлодар облысында Camry автокөлігі теміржол өткелінде пойыздың жолын бөгеп тұрып алған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Оқиға Павлодар облысы Шарбақты ауданының Алексеев өткелінде болған. Көлік жүргізушісі пойыз машинисінің ескерту сигналына қарамастан, теміржолды бөгеп тастайды. Тек пойыз жақындаған кезде ғана орнынан қозғалды. 
Осылайша, ол апат тудыра жаздады. Қазақстанның көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова көлік жүргізушісінің ұсталып, Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөліміне тапсырылғанын хабарлады.