Атқа мінген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

1 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:©бейнежазбаданАстанада көшелерде атпен жүрген 35 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Ол елордадағы ойын-сауық орындарының бірінде атқа мініп, видеоконтент түсірген. Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам атпен автожол және жаяу жүргіншілер жолы арқылы жүріп, тұрғындардың қозғалысына кедергі келтірген.

Кейін «Бәйтерек» монументіне қарай бет алған кезде жылқы қиылыстардың бірінде тротуарды ластап, жасыл желекке зақым келтірген. Осыған байланысты ер адамға абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін екі әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.