Қызылордада мүгедектігі бар адамдарға 5 инватакси қызмет көрсетуде
«Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүріп-тұруы қиын тірек-қимыл аппараты бұзылған, кресло-арбада отыратын бірінші топ мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін арналған 5 инватакси әлеуметтік қызметтерін көрсетеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мүгедектігі бар адамдардан тапсырыс қабылдауға төмендегі телефондар арқылы жүргізіледі: 8 (7242) 70-86-59, 8-705-128-26-61.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Инватакси әлеуметтік қызметті пайдалану туралы барлық ақпаратты осы көрсетілген телефондарға хабарласу арқылы білуге болады.
Инватакси қызметі күн сайын сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліспен жүзеге асырылады.
Тәуліктің кешкі және түнгі уақытында, демалыс және мереке күндері – әуежайға, теміржол вокзалына, автовокзалға және медициналық мекемелерге (жедел медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда) тасымалдауға кезекші таксиді қолдану көзделеді.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген, автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес, 2022 жылдың 8 маусымынан бастап, Приозерск қаласының аумағында мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі ұсынылады.
Аталған қызметті көрсету үшін 2 100 000 теңге бөлінді.
Мүгедектігі бар көптеген адамдар үшін бұл қызмет олар тапқан шектеулі кеңістіктен шығудың жақсы құралы болды.
Ұсынылған машина өте ыңғайлы, мүгедектер арбасына арналған арнайы көтергішпен жабдықталған, ал салон сапар кезінде жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сенімді бекіту құрылғыларымен жабдықталған.
Аталған қызметті алу үшін 18 өтініш түсті.
Мүгедектікті белгілеу мерзіміне берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, мүгедектерге инватакси қызметін ұсыну үшін негіз болып табылады.
Қызмет алу үшін мүгедек инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
4) № 44 бұйрықпен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.
2, 4 тармақшаларда көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мүгедектігі бар адамдарға қайтарылады. Инватакси қызметтері бірінші кезекте жұмыс істейтін және оқитын мүгедектектігі бар жандарға жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес ұсынылады. Басқа мүгедектектігі бар жандарға инватакси қызметтері олардың өтініш беру тәртібімен ұсынылады.
Инватакси қызметтерін алуға өтінім телефон арқылы инватакси қызметін көрсететін ұйымға жоспарланған сапар күніне дейін бір тәулік бұрын беріледі. Инватакси қызметтерін ұсыну үшін объектілер мен белгіленген пункттердің тізбесіне сәйкес, мүгедектектігі бар адамдар осы бағыттар бойынша жүре алады: 1) мүгедектектігі бар адамның жұмыс орны; 2) мүгедектектігі бар адамның оқу орындары; 3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар; 4) сот, прокуратура; 5) әлеуметтік сала объектілері; 6) заң консультациялары; 7) нотариус; 8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда); 9) әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары; 10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар.