Зират басынан темір ұрланған

1 596

Қостанай облысында полиция қызметкерлері зираттан темір ұрлағандарды анықтады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Меңдіқара ауданында полиция қызметкерлері зираттан темір ұрлау деректерін ашты. Жарты жыл ішінде полиция бөліміне қабірлердегі қоршаулардан ұрланған металл бұйымдар – шынжырлар болғандығы туралы бірнеше арыз білдіруші жүгінді. Бұл дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сотталмаған ауданның 25 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.


Заттай дәлелдемелер темір қабылдау пунктінен алынып, иелеріне қайтарылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.