Қазақстандағы үш уран кәсіпорнының үлестері "Росатомға" берілмек

1 413
Қазақстандағы үш уран кәсіпорнының ірі үлесі ресейлік «Ураниум Уан Груп» мемлекеттік компаниясына беруге рұқсат етілді , деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



1. "Uranium One Netherlands B. V." компаниясына «Ураниум Уан Груп» АҚ пайдасына "Қаратау"ЖШС қатысу үлесінің 50 пайызы иеліктен шығаруға рұқсат етілсін. 
2. "Uranium One Utrecht B. V." компаниясына «Ураниум Уан Груп» АҚ пайдасына "Хорасан-U" (Хорасан-У) бірлескен кәсіпорны ЖШС қатысу үлесінің 30 пайызы иеліктен шығаруға рұқсат етілсін. 
3. "Uranium One Rotterdam B. V." компаниясына «Ураниум Уан Груп» АҚ пайдасына" Оңтүстік тау-кен химия компаниясы бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 70 пайызы иеліктен шығаруға рұқсат етілсін, - делінген Қазақстан үкіметінің қаулысында.

Айта кетейік, "Ураниум Уан Груп" АҚ Мәскеуде тіркелген және Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.