26 мектеп және колледж директоры мемлекет қаржысын жымқырған
Бүгінде 26 мектеп және колледж директоры мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Антикордың мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері салада 247 қылмыстық іс тіркелген. Тексеріс барысында мемлекетке 15,5 млрд теңге шығын келгені анықталды.
Оның айтуынша, олардың арасында 86 бухгалтер, мектепке дейінгі мекеменің 17 басшысы, 13 мектеп және колледж директоры, 4 білім бөлімінің басшысы бар.
Қаз
Рус






