Тегін жүгеріге таласқан балалар көлік қозғалысына кедергі жасады

1 566

Фото: видеодан кадрЖаңаөзен қаласында дүкен ашқан кәсіпкер тұрғындарға жүгеріні тегін таратқаны үшін жауапқа тартылды. Адам көп жиналып, салдарынан жол қозғалысына кедергі келді. Бұл жағдай біраз уақытқа созылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жаңаөзен қалалық полициясының мәліметінше, оқиға демалыс күні болған.

Адамдардың шамадан тыс жиналып, жүгеріге таласқаны туралы бейнежазба желіде тарады.

Осыдан кейін тұрғындар жағдайға байланысты шағым білдірген.

«11 ақпан күні сағат 15:00 кезінде Жаңаөзендегі Өркен шағынауданы № 56 үйінің 1 қабатынан „Жаным“ гүлдер салонының ашылуына орай дүкен иесі балаларға арнап тегін жүгері таяқшаларын таратқан. Ата-аналар мен балалар көп жиналып, аула ішіндегі жол қозғалысына кедергі келтірді. Жаңаөзен полициясы дүкен иесі Е. Ыбыраевқа ӘқбтК 614-бабы 1-бөлігіне сай әкімшілік шара қолданды», — деп жазылған қалалық полиция басқармасы таратқан мәліметте.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.