Тегін жүгеріге таласқан балалар көлік қозғалысына кедергі жасады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жаңаөзен қаласында дүкен ашқан кәсіпкер тұрғындарға жүгеріні тегін таратқаны үшін жауапқа тартылды. Адам көп жиналып, салдарынан жол қозғалысына кедергі келді. Бұл жағдай біраз уақытқа созылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жаңаөзен қалалық полициясының мәліметінше, оқиға демалыс күні болған.
Адамдардың шамадан тыс жиналып, жүгеріге таласқаны туралы бейнежазба желіде тарады.
Осыдан кейін тұрғындар жағдайға байланысты шағым білдірген.
Қаз
Рус






