Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Үкімет жаңа мерекені бекітті. Енді елімізде жыл сайын 3-ші қыркүйекте Қазақтың тазысы және төбет күні аталып өтіледі,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мереке күндерінің тізіміне тиісті өзгерістер Үкіметтің 2026 жылғы 15-ші сәуірдегі №278 қаулысымен енгізілді. Құжат 2026 жылғы 28-ші сәуірден бастап күшіне енеді. Жаңа мереке Қазақстан үшін тарихи әрі мәдени маңызы зор ұлттық ит тұқымдары - тазы мен төбетке арналады. Үкімет бұл бастаманың басты мақсаты ұлттық мұраны сақтау, оны кеңінен насихаттау және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу екенін атап өткен.
“Заң жобасы аясында эмоциялық манипуляция жасалып жатыр. Ұсынылып отырған түзетулер барлық жануарды автоматты түрде құртуды білдіреді деген пікір дұрыс емес”,- деді депутат.
Құжатта жануарларды ұстау тәртібіне қатысты бірқатар өзгерістер қарастырылған.
“Қаңғыбас жануарларды уақытша ұстаудың ең төменгі мерзімі – кемінде 5 күн. Ал мәслихаттарға бұл мерзімді ұлғайту құқығы беріледі”,- деді ол.
Атап айтқанда, иесі болуы мүмкін жануарларды ұстау мерзімін ұзарту көзделген. Депутаттың айтуынша, ұсынылған заң жобасы жануарларды автоматты түрде жоюды қарастырмайды. Керісінше, оларды қорғау мен күтіп-бағуға басымдық беріледі.
“Мұндай жануарлар үшін ұстау мерзімі 60 күнге дейін белгіленеді”,- деді депутат.
Ұстау мерзімі ұзартылған жағдайда жануарлар:
жаңа иелеріне берілуі;
арнайы панажайларда қалдырылуы;
ұзақ уақыт бойы күтімде болуы мүмкін.
Жалпы, енгізіліп отырған өзгерістер жануарларға деген жауапкершілікті арттыруға және оларды қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.







