«178 таблетканы арқасына байлаған»: көгершінді есірткі тасымалдауға пайдаланған

1 504

Фото:  instagram/daranews24Арқасына кішкентай рюкзак тағылған, есірткі тасымалдаған көгершінді ұстады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Құстың арқасына бекітілген шағын матадан жасалған қалташадан есірткі болуы мүмкін деген күдік тудырған 178 таблетка табылды. Болжам бойынша, олар кетамин болуы мүмкін. Көгершін Ирак шекарасына жақын орналасқан Абдали елді мекеніндегі кеден ғимаратының маңында ұсталған.

Кеден қызметкерлерінің айтуынша, есірткіні шекара арқылы заңсыз тасымалдау үшін көгершіндердің пайдаланылатыны бұрыннан белгілі болған. Алайда олар мұндай құстың қозғалысын алдын ала бақылап, есірткімен бірге қолға түсірген жағдай алғаш рет тіркеліп отыр.

Бұл есірткіні құстар арқылы тасымалдаудың жалғыз дерегі емес. Осыған ұқсас жағдайлар бұған дейін басқа елдерде де болған.

Мәселен, 2015 жылы Коста-Рикада кокаин мен каннабис тасымалдаған көгершін ұсталған. Ал 2011 жылы Колумбияда бір көгершінге соншалықты көп жүк артылғандықтан, ол түрме қабырғасынан ұшып өте алмай қалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.