Полигонда сарбаз қаза тапты

1 519

Сурет:© ашық дереккөздерденАтырау облысындағы полигонда сарбаз көз жұмды,- деп  хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі  Kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 12 наурыз күні Атырау гарнизонындағы әскери бөлімшеде далалық жаттығулар кезінде сарбаз оқ жарақатын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға қаруды ұстау ережелерін бұзу салдарынан болған.

Сарбаз дереу медициналық мекемеге жеткізілгенімен, оны құтқару мүмкін болмады.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу алдын ала жүргізілуде", – делінген Атырау гарнизонының хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.