Қызылордада 24 пәтерді тонаған топ қолға түсті
Қызылорда облысында 24 пәтер ұрлығына қатысы бар адамдар тобы құрықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құрықталған үш күдіктінің бірі Абай облысының тұрғыны болса, екіншісі Ақмола облысының тұрғыны екені белгілі болды. Тергеу барысында олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күшпен ашып, үй ішіне заңсыз кіріп, ақша, құндыз тон, техника мен алтын бұйымдарды ұрлаған.
Күдіктілер қамауға алынды. Облыс аумағында 24 пәтер ұрлығын жасағаны анықталып, өзге де ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қаз
Рус






