Қайтыс болғаннан кейін үш адамға өмір сыйлаған зейнеткер

1 514

Фото:©pexelsСолтүстік Қазақстан облысында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келіскен ер адамның үш адамның өмірін сақтап қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

1961- жылы туған ер адам жедел ми қан айналымының бұзылуымен көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген. Реанимациялық шараларға қарамастан науқастың миының өлімін тіркеген. Ал түсіндіру жұмыстарынан кейін туыстары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген.

“Бауыр 51 жастағы бауыр циррозымен ауыратын ер адамға трансплантатталды. Сондай-ақ диабеттік нефропатия аясында дамыған V сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттерге екі бүйрек: 1986 жылы туған әйелге және 2020 жылдан бері бағдарламалық гемодиализде жүрген 1978 жылы туған ер адамға трансплантатталды”, – делінген хабарламада. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше Қазақстанда трансплантаттауды күту парағында 4,5 мыңнан астам пациент бар. Олардың едәуір бөлігі бүйрек, бауыр және жүрек трансплантаттауын қажет етеді екен.

“Тек өткен жылдың өзінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 18 донорлық процесс жүргізіліп, өмірлік маңызды ағзаларды трансплантаттау бойынша 68 операция жасалған. Соған қарамастан, жыл сайын жүздеген пациент өз кезегіне жете алмай өмірден өтеді”, – делінген хабарламада. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.