Бекболат қырғыздардан қорқып көкпардағы қазандықты алып тастады - жаттықтырушы

501

Ұлттық спорттан мемлекеттік жаттықтырушы болған Рамазан Сәттібаев Бекболат Тілеуханға қатысты былықтың бетін ашты, деп хабарлайды Экспресс К



Ұлттық спорттан мемлекеттік жаттықтырушы болған Рамазан Сәттібаев Бекболат Тілеуханға қатысты былықтың бетін ашты, деп хабарлайды Экспресс К
Нартай Аралбайұлына сұхбат берген спорт қайраткері Ұлттық спорт қауымдастығына Бекболат Тілеухан келгелі құлдырау болып, ақылға симайтын әрекеттер көбейгенін жария етті.

2017 жылы астанада "ЭКСПО-2017" аясында өткен көкпардан әлем чемпионатында ыңғайсыз жағдай болған. Қауымдастық басшысы Бекболат Тілеухан қырғыздардың қарымынан қорқып, көкпардағы қазандықты алып тастауға тапсырма берген.


"Әлем чемпионаты өткенде біз ережелерді өзіміздің ыңғайымызға қарай өзгертіп, басты қағида — қазандықты алып тастадық. Көкпарда қазандықты қойып ойнауды енгізген — қырғыздар. Барлық ойыншыларымыз да соған үйреніп қалған еді. Алайда бір күнде шешім қабылданып, алынып тасталды. Бұған себеп, "біз көкпарды қазандықпен ойнауда қырғыздардан ұтыламыз" деген қауіп себеп болды. Былайша айтқанда қорықты. Қорқатын себебі, жемқорлық жүрген жерде ешқандай тазалық болмайды. Жемқорлық жайлап, саясат кірген жерде спорт — спорт болмайды. Табанына май жаққандай тік тұра алмайды. Рухани мықты бола алмайды. Сол жерде төрешілер бар, бақсасы бар ойбайлап жүріп қырғыздарды жеңген едік", — деді Рамазан Сәттібаев.


Мұның мәнісін тарқатқан жаттықтырушы кейін Ыстықкөлде өткен дүниежүзілік ІІ Көшпенділер Ойынына көкпардан ұлттық құраманың мықты жігіттерн Бекболат Тілеухан әдейі жібермеген. Ал Рамазан Сәттібаев құрамаға жетекшілік етіп, барып қайту туралы ойын басшылыққа айтқан.


"Қазір біздің ұлттық спорттан мән кетіп қалды. Жерге қарайтындай ұялатын сәттер болды. Мысалы, Ыстықкқөлде ІІ Көшпенділер Ойыны өтті. Сол жарысқа Қазақстанның құрамасы бармайды, қатыспайды" деген әңгіме болды. Баратын жігіттер атсыз, ер-тоқымын арқалап барады деген тапсырма берілді. Қырғыздар біздің көкпаршыларды асыға күтіп отырған еді. Орталық Азияда көкпарда қазақ пен қырғыз ғана бір-біріне бәкекелес. ЭКСПО-дағы жеңілістен кейін қырғыздар бармағын шайнап, осыдан кейін кездесеміз, жеңеміз деп кеткен. Бірақ Ыстықкөлге баруға біз тайсақтадық", — дейді Рамазан Сәттібаев.


Сол жарысқа көкпардан еліміздің жастары атсыз барып, қырғыздар берген жылқыларды алып сынға түскен. Алайда жартылай финалға жеткенде өзбектерден жеңілу туралы әңгіме айтылып, телефон арқылы тапсырма беріліпті.


"Қырғыздармен кездеспес үшін жеңілу керек деген тапсырма берді. Финалға шықса біздің ойыншылар масқара болатын еді. Ірі есеппен ұтылатыны анық болды. Бұл кейін үлкен шу тудырады. Қырғыздар соған дайындалып отырды. Көкпаршыларымыз ауырып қалды деп бармай қалу қауымдастыққа өте ыңғайлы нәрсе болды. Жастар барды да, өзбекке өтірік ұтылды", — деді бұрынғы мемлекеттік жаттықтырушы.


Көптеген келеңсіз жайттарды тізбелеген Рамазан Сәттібаев көкпардан өтетін жарыстар тізімін жасаған Бекболат Тілеухан өзіне ұнамайтын жарыстарды өткізбеуге барын салып, Маңғыстау облысының "Адай ата" командасын да жарыстан шеттету үшін барын салған көрінеді. Оған себеп, маңғыстаулықтардың Бекет ата әруағына құрмет көрсетіп, тілек етуі себеп болғанға ұқсайды.