Қызылордада сотталған азаматша некесін қиды

1 190

Фото: KazinformҚызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматша өзінің бұрын некеде болған жұбайы мен қайта некесін қиды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ашып айтатын болсақ сотталған азаматша тергеу изоляторында ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі 4 тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазіргі таңда өзінің бұрынғы некеде болған жұбайымен қайта некесін заңдастыру мақсатында мекеменің заңгер маманының көмегіне жүгініп, АХАТ бөлімінің маманы арнайы келіп, неке куәлігін табыстады. 

Жазасын өтеуші азаматшаның айтуынша, қателікпен шалыс басып екіге айрылдық. Енді міне бізді тағдыр қайта тоғыстырып өз некемізді заңдастырып жатырмыз. Бұл үшін қуаныштымыз. Сонымен қатар, мекеме басшылығына, мекеме заңгеріне және АХАТ бөлімінің маманына өз алғысымызды білдіреміз деді, – жазасын өтеуші азаматша.