Синоптиктер алдағы үш күнде қай өңірлерде үсік жүретінін хабарлады

448
Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Метеоролотардың мәліметінше, республиканың бірнеше өңірінде жаңбыр, солтүстікте қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Тек оңтүстік аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 жылы болады.

Солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7 градус, күндіз 13-23 градус жылы болады деп болжануда.

Шығыста түнде сынап бағанасы 7–12 градус, күндіз 20–25 градусты көрсетеді.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 жылы болады деп күтіледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.