Қырағы аға лейтенант Самат

1 378

Фото: №60 мекемеАдалдықты, қызметте қол ұшын беруден аянбайтын жандардың бірі- Омаров Самат Қанатұлы . Ол «Құқықтану» саласы бойынша арнайы, жоғары оқу орындарында білімін жетілдіріп, мамандығы бойынша 2013 жылы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 60 мекемесінің режим бөліміне қызметке тағайындалады. Қәзіргі таңда өз қызметіне сүбелі үлесін қосып, осы саланың ыстық-суығына көніп, қызмет атқарғанына 13 жыл толады. Оның күнделікті атқаратын қызметі сотталғандарға әкелетін  сәлем-сауқаттарды қабылдау-тапсыру бөлмесінде толықтай тінтіп, тыйым салынған заттар мен бұйымдардың мекеме аумағына өту жолдарын анықтап, оларды жою және болдырмау шараларын мүлтіксіз атқару. Осындай қатаң тексерулер мен ескертулердің жүргізілуіне қарамастан сотталғандарға тыйым салынған заттарды беруге тырысқан адамдар кездесіп тұрады. Ағымдағы жылдың қазан айында қабылдап-тексеру барысында Самат Қанатұлының  қырағылығының арқасында екі бірдей қылмыстың алдын алынды.Бірінде сотталғанға әкелген сәлем-сауқаттың ас арасында сүйек ішіне жасырылған есірткі, екіншісі «Баунти» конфетінің ішіне жасырылған есірткіні анықтайды. Расында Саматтың атқаратын жұмысы мекеменің ішкі тәртібі үшін аса маңызды. Сондықтан  да Самат Қанатұлы асқан қырағылық және жауапкершілікпен қатар темірдей тәртіпке бағынып, антына адалдық танытып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді де ұмытпай, сотталғандармен кездесуге келген  ата-аналар, балаларымен жақындарына мекеменің ішкі тәртібін әдептілікпен түсіндіріп, сыпайылық танытады. 

Бауыржан ағамыздың «тәртіпке бас иген құл болмайды» дегеніндей , ол бірінші орынға тәртіпті қоятын және бүгінгі атқарылатын жұмысты ертеңге қалдырмай дер кезінде орындайтын азаматтардың қатарында. Әріптесер арасында сыйлы өз қызметінің білікті маманы. Қарамағындағы қызметкерлеріне әділ, қателігі мен мінін байқаса жай сөзбен түсіндіре білетін нағыз ер азаматқа тән осындай болмысы үшін біз оны құрметтейміз. 

Әр саналы азамат қызметімен қоса, отбасын ұмытпауы тиіс. Жаныңа жақын жандармен бірге уақытты көбірек өткізіп, бала тәрбиесіне де үлесімді қосамын. Әр баламның қызығушылығы мен бейіміне қараймын. Олар кішкентай болсада әрқайсысының таңдауына қарай икемдеп, шыншылдыққа, өтірік айтпауға, үлкенді сыйлауға, кішіге құрмет көрсету қажеттігін ұғындырамын- дейді, Самат Қанатұлы.

«Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам ғана жетісікке жетеді»- дейді. Бүгінгі күні Самат Қанатұлының қылмыстық-атқару жүйесінде атқарған әрбір үлгілі қызметтері елеусіз қалмай ҚР ішкі істер министірлігінің бұйрығымен «Қылмысық-атқару жүйесі үздігі» төс белгісімен және «Қазақсан полициясына 30 жыл»  төс белгісімен, сондай –ақ Қызылорда облыстық ҚАЖ департаментінен және  мекеме тарапынан марапаттар ұсынылды.

Отбасы құндылықтарын жоғары бағалап, өз перзенттеріне деген қамқорлығын аямайтын, қоғамға да пайдасын тигізіп, өз қызметіне жауапкершілікпен қарайтын адам ғана осындай шексіз құрметке бөленері сөзсіз.





№60 мекеме Ақалтын Байжанқызы