Әйел ашығып, тамақ сұраған екі қызын тұншықтырып өлтірген
Жантүршігерлік оқиға Теміртау қаласынан 15 минуттық жерде орналасқан Гагаринское елді мекенінде болған. Екі және төрт жастағы қос бүлдіршін өз анасының қолынан қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Патриот” арнасына сілтеме жасап.
4 сәуір күні түскі уақытта 2 жастағы Мия мен 4 жастағы Карина ашығып, анасынын тамақ сұрай берген соң әйел екі қызын буындырып өлтірген. Ал 6 айлық қызына тиіспеген. Сөйтіп кешке дейін өзімен бірге тұратын азаматының келгенін күткен. Ер адам келгенде әйел кереуетте жатқан балалардың мәйіттерін нұсқап, қыздардың еш себепсіз көз жұмғанын айтқан. Әйелдің айтқанына сенген азамат полиция қызметкерлерін шақырған.
Күдікті көршілерге өзін Вероника (Вера) деп таныстырған. Бірақ әйелдің шын есімі Ирина болып шықты.
Ол полицияны алдап, балалардың белгісіз заттан уланғанын айтқан. Әйелдің мәлімдемесінен кейін полиция ас бөлмені тексермек болады. Алайда олар ас үйден тіске басар ештеңе таппаған.
Оқиғаның мән-жайы анықталған соң полиция манекен әкеліп, әйел қыздарын қалай өлтіргенін көрсетті. Өз анасының қолынан қаза тапқан екі қыздың сыртқа шыққанын ешкім көрмеген. Анасы оларды серуендеуге жібермеген.
Қарағанды облысы полиция басқармасы жантүршігерлік оқиғаға байланысты пікір білдірді.