Мысық тістеген әйел көз жұмды

1 441

ҚФото: Pixabay.comостанай облысында құтырма дертіне шалдыққан тұрғын қайтыс болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, қауіпті індеттен ажал құшқан әйел Қамысты ауданының тұрғыны. Эпидемиологиялық тексеріс марқұмды мысық тістеп алғанын, кейін үй жануары жоғалып кеткенін анықтады.

"Дәрігерге жедел қаралмауы да қайғылы жағдайға ұшыратып отыр. Вирус бірнеше ай бойы білінбей ағзаға дендеген", – дейді департамент өкілдері.

Аудан тұрғыны бір ай бойы Лисаков қалалық ауруханасында ем алған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.