Елімізде көлік бағасы 17% көтерілуі ықтимал
Қазақстанда көліктер 17 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Оның бір себебі – базалық мөлшерлеменің төмендеуі. Сондай-ақ несиенің бұрынғыдан қолжетімді бола түсуі автокөліктерге деген сұраныстың артуына әкеледі. Ал бұл өз кезегінде шығынның өсуін жеделдетеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Хабар24 арнасына сілтеме жасап.
Сарапшылар бағаның көтерілуі мүмкін екенін айтады. Алайда қазір ол үшін елеулі алғышарттар жоқ. Оның үстіне Қазақстан өз өндірісін арттыруда. Мәліметтер бойынша, 2023 жылы елімізде барлық үлгідегі 150 мыңға жуық көлік шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық.
2023 жыл Қазақстанның автомобиль нарығы үшін рекордтық жыл болды. 2023 жылдың 12 айында ресми дилерлер 200 мыңға жуық көлік сатқан. Олардың басым бөлігі отандық өндірістегі көліктер. Биыл бұл көрсеткіш өндірісте де, сату көлемінде де орта есеппен 20%-ға артуы мүмкін. Сарапшылардың болжауынша, жаңа көліктер де дәл осындай сомаға қымбаттайды. Оның басты себебі – тұрғындар арасында сұраныстың артуы. Өйткені автокөлік несиесі қолжетімді болады. Сала мамандары өз кезегінде бағаның күрт өспейтінін айтты.
Дилерлерге қоймаларын жаңартуға тура келеді. Өйткені отандық өндірушілер биыл жаңа үлгілерді енгізуі мүмкін. Соңғы мәліметтерге сәйкес, еліміздегі автомобиль өнеркәсібінің үлесі 6 пайызға дерлік өсіп, барлық машина жасаудың жартысына жуығын алып отыр. Ең танымал 10 модельдің 9-ы Қазақстанда шығарылады.
Қостанай зауыты автомобиль шығаруда жетекші орынды иеленеді. Өткен жылы онда 90 мыңнан астам көлік шығарылды. Одан кейінгі орында Алматы, Семей және Көкшетау қалаларының кәсіпорындары.