Балконнан салбырап тұрған баланы құтқарған оқушыға 1 миллион теңге берілді

1 547

Фото: elorda.infoЕлордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназияның 7 "Д" сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алған болатын.  Бүгінде жасаған ерлігі үшін марапат алып та үлгерді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Астана әкімі Жеңіс Қасымбек батырдың ата-анасымен кездесті. Ақан Әкімжановқа 1 миллион теңге табысталды.


Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды.


Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр. Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде.


"Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз", - деп жазды Ж.Қасымбек.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.