МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

1 494

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіБүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалған Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлын таныстырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Б. Жұмағұлов 1983 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасының «Бизнес және басқару» магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Арнайы құқықтық пәндер» кафедрасының лаборанты болып бастаған. 2007-2018 жылдары Арал аудандық жер қатынастары, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерінің басшысы,  аудан әкімі аппаратында түрлі жауапты қызметтер атқарған.  2018 жылдан осы кезге дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары болған.

Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған департамент басшысына сәттілік тіледі.

«Бектемір Ұлыбекұлы жинақтаған мол тәжірбиесін күрделі де жауапты жұмысқа, еңбек қатынасындағы дауларды орнықты шешуге, жұмысшылардың құқығы мен ұжымдық тұрақтылықтың сақталуына, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге жұмсайтын болады. Жаңадан тағайындалған әріптестерімізді құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы тағайындалғаны туралы хабар, әдетте, еңбек заңнамаларын сақтау және еңбек қауіпсіздігі мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органның жаңа басшысының тағайындалғанын білдіреді. Мемлекеттік еңбек инспекциясының басты міндеті — жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек шарттарының заңдылықтарын сақтау, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарының орындалуын бақылау.

Жаңа басшының тағайындалуы департамент жұмысына жаңа бағыттар мен тиімділікті енгізу үшін маңызды қадам болуы мүмкін. Ол еңбек инспекциясының жұмысын ұйымдастыру, еңбек заңнамаларының орындалуын қадағалау, жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жасау, сондай-ақ еңбек дауларын реттеу сияқты мәселелермен айналысатын болады.

Бұл тағайындау, әсіресе, жұмысшылардың құқықтарын қорғау мен еңбек қауіпсіздігі саласындағы реформаларды іске асыруда маңызды рөл атқаруы ықтимал.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.