Бүгін тазы күні: Тектілікті танытқан тұқым

1 500

© Официальный сайт Президента КазахстанаБүгін Қазақстанда Қазақ тазысы күні алғаш рет аталып өтіп жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі экология министрлігіне сілтеме жасап.

Дәл осы күні, 2024 жылғы 3 қыркүйекте, Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын алдын ала танып, №372 халықаралық стандартын бекітті. Қазақстан тұқымның шыққан елі ретінде танылды.

"Ғасырлар бойы Ұлы даламен бірге жасасқан тазы бүгінде әлемдік көрмелерде Қазақстанды танытып жүр. Қазір Бірыңғай асыл тұқымдық кітапта 4 мыңға жуық тазы тіркелген", - дейді министрлікте.

Министрлік тазының генетикалық қорын, табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, ұлттық тұқымды келесі ұрпаққа жеткізу бойынша алда әлі жұмыс көп екенін хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.