Жыл соңына дейін 23 мың жігіт әскерге шақырылады

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Оның аясында қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, биыл желтоқсанның соңына дейін 18 бен 27 жас аралығындағы 23 мыңға жуық ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.
Олардың ішінде 12 000-нан астам адам – Қарулы күштер, 7 000 – Ұлттық ұлан, 3 000 – ҰҚК Шекара қызметі, 400-ден астам адам – Төтенше жағдайлар министрлігі, 300-ге жуығы – Мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтырады.
"Цифрлық шақыру" жүйесі мен "Smart военкомат" жобасының арқасында әскерге шақыру және әскери есепке алу қызметтерінің басым бөлігі проактивті форматта көрсетіледі. Тұрғылықты жері ауысқан кезде азаматтарды әскери есепке қою, 17 жастағы бозбалаларды тіркеу, сондай-ақ әскерге шақыруды кейінге қалдыру мен босатуды ұсыну қызметтері автоматтандырылды. Әскери есепке қатысты барлық мәлімет азаматтарға eGov порталындағы жеке кабинетінде қолжетімді.

Қорғаныс ведомствосының мәліметінше. әскери қызметшілер әскери-есептік мамандықпен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие 20-ға жуық жұмысшы кәсібін тегін меңгере алады. Олардың қатарында жүргізуші, байланыс маманы, парамедик, экскаваторшы және тағы басқалары бар.

Бұдан бөлек сарбаздар үшін әскери қызмет өткеру кезеңінде несие төлемдерін кейінге қалдыру және ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік білім беру гранты бойынша жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылған.

Осылайша Қорғаныс министрлігі әскери қызметті ұйымдастыру сапасын арттыруға, цифрлық сервистерді дамытуға және сарбаздардың ата-аналарымен өзара байланысты нығайтуға бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл ретте қызмет өткеру қауіпсіздігіне, Қарулы күштердің ашықтығына және әскери қызметшілер үшін заманауи әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға ерекше назар аударылады.

Мерзімді әскери қызмет – ол елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жүйесінің маңызды элементі. Әскерде шыңдалған сарбаздар мемлекеттің жұмылдыру резервін құрайды. Ал әскери өмірдің өзі олардың бойында темірдей тәртіп пен жауапкершілікті, көшбасшылық қабілет пен ұжымда жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.