Мектеп оқушысы жанжал кезінде қарсыласына пышақ сұғып алған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Өскемендегі мектептердің біріндегі жанжал кезінде мектеп оқушысы қарсыласына пышақ сұғып алған. Шабуыл жасаған оқушы өзін де жарақаттаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Полицейлер бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап, бейнекамера жазбаларын қарап жатыр. Облыстық полиция департаменті мектепте қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілгенін айтты.
Қаз
Рус






