Қазақстанда баласы жоқтарға салық енгізу ұсынылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстанда баласы жоқтарға салық енгізу мәселесі қайтадан талқыланып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Мұндай шара Кеңес Одағы кезінде болған, енді ол тағы көтеріліп жатыр. Ал сарапшылар мұндай шарадан гөрі мемлекет бала тәрбиесіне қолайлы жағдай жасауға назар аударуы керегін атап өтті.
Мәжiлiс депутаты Болат Керімбек қазақстандықтардың күннен күнге некеге тұру және ата-ана болу сәтін кейінге қалдырып жатқанына шамданды.
Сарапшылар мұндай шаралар жастардың елден кетуіне себеп болуы мүмкін деп есептейді. Оның орнына отбасы мен балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға көңіл бөлу маңызды дейді демографтар.
Сонымен қатар сарапшы біздің елде туу көрсеткіші бойынша ешқандай проблема жоқ екеніне сенімді. Бірақ Қазақстанға демографиялық саясат бағдарламасы артық етпейді.
Кеңес одағында 1992 жылға дейін ерлер мен әйелдер балалы болмағаны үшін жалақысының пайызын төледі.
Қаз
Рус






