Құлыбаевтың компаниясына 13 миллиард теңге айыппұл салынды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Атырау облысында мұнай компаниясына 13 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Каспий нефть" АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды.
Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылғаны айтылды.
Қаз
Рус






