Нөсер мен бұршақ жауып, ыстықтың беті қайтады

1 664

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Pixabay.com5–7 маусым күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан жаңа циклон келеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Синоптиктердің хабарлауынша, ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар, ауа температурасы төмендеп, күн суытады. Қазақстан аумағында тұрақты жазғы жылу әлі қалыптаса қойған жоқ. Бұл жағдайға себеп – ел аумағы арқылы жиі өтіп жатқан циклондар. Олармен бірге атмосфералық фронттар келіп, ауа райының құбылмалы болуына әсер етуде.

«Ыстық жаз орнай алмай тұр. Қазақстан аумағы арқылы бірінен соң бірі циклондар өтіп, жауын-шашын мен температураның төмендеуін туындатып жатыр», — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Мамандар алдағы күндері де жауын-шашын, найзағай және ауа температурасының төмендеуі байқалуы мүмкін екенін ескертеді.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.