Ер адам 13 жастағы қызды тұтқында ұстап, зорлады деген күдікке ілінген
Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қызды ауыл сыртына алып кеткен 40 жастағы ер адам ұсталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі “Криминальный Казахстан” Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 1 шілдеде Айыртау ауданында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі сағат 18:00 шамасында 13 жастағы қыз дүкеннен шыққан. Сол кезде 40 жастағы ер адам оны мотоциклмен қыдыртып келемін деп алдап, ауыл сыртында алып кеткен. Кейін ол қызды тұтқында ұстап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.
Оқушыны іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан. Тек таңғы сағат 05:00 шамасында қыз ауыл сыртынан табылған.
Қазір күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жасалған қылмыстың ауырлығын ескерсек, ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Қаз
Рус






