Жасөспірім балалар достарын көпқабатты тұрғын үйдің балконынан лақтырып жібермек болған

1 279

Фото: everystockphoto.comАстанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде есік алдында ойнап жүрген балалар, көңіл көтеру үшін өздерінен кіші баланы балконнан лақтырып жібермек болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бірақ олардың бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Жәбірленушінің ата-анасы полициядан қылмыскерлерді жазалауды талап етіп отыр



"Біз қазір мына ақымақты үйдің 12-қабатынан лақтырамыз. Ал бұл менің құлдарым, танысып қойыңыздар. Олардың өздері "құлдарым" деп айтуға келісті. Олар Санжар, Нұрәли, ал үшінші құлым Богдан. Ал бұл бесінше жауыз. Ол өзін бізге суицид жасасын деп айтып жатыр. Тіпті ол өз рұқсатын да берді. Сен келісіп тұрсың ғой. Сені қазір лақтырып жіберуге дайынсың ба? "Иә, иә" деді. Богдан, қане сүйре! Біз оны сүйреп бара жатырмыз! Біз жұмыс істеп жатырмыз, қысқасы! Ал мен оператормын. Сүйрейміз. Ұстаңдар. Қане, жұмыс істеңдер. Еркектер, жұмыс істейміз, жұмыс істейміз... Жүріңдер, лақтырып жіберейік. Оны тастайық", – деп айғайлады видео авторы.


Олар өздерінен кішкентай балаға соңғы сөзін айтуға мүмкіндік берген. 



"Секіргің келе ме?! Ол "иә" әлде "жоқ" деді ме? "Иә" деп айтып жатыр. Біз қазір 3-қабаттамыз. Соңғы сөзіңді айт Анис. Қоқыс тұрған жаққа лақтырайық. Лақтырайық. Қазір телефон лақтырамын. Бір, екі, үш... А, б..дь. Менің өзім 50 келі тартамын. Бастарыңды тығыңдар. Үлгермедік", – деді жеткіншек.


Бұл видеоға қатысты Астана полиция департаменті пікір білдірді.



"Аталған факті тіркеліп, оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, заңды өкілдердің қатысуымен мән-жай анықталып жатыр. Қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданады", – деді полиция департаменті.

:


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.