Ер адам садақпен бірнеше адамды атып өлтірген

382

Норвегияның Кунсберг қаласында садақ және жебемен қаруланған ер адам қолынан бірнеше адам қаза тауып, жарақаттанған- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап.


13 қазанда сағат 18:13-де полицияға Кунсберг орталығында қарулы ер адамның жүргені туралы хабар келіп түскен. Кейінірек оның садақ және жебемен қаруланған белгілі болды. 

Баспасөз отырысында қалалық полиция бөлімінің басшысы Ойвинд Аас тергеу енді басталғандықтан, барлық сұраққа жауап бере алмайтынын мәлімдеген. Айтуынша, оқ атқан ер адам тұтқындалған. Полицияда бар ақпаратқа сәйкес күдікті жалғыз әрекет еткен. 


Әзірге бес адамның қаза тауып, тағы екеуінің жараланғаны белгілі. Норвегиядағы NRK телекомпаниясының хабарлауынша, полиция қызметкерлеріне бірнеше көшені жабуға тура келген.


Келіп түскен ақпаратқа сәйкес ер адам Coop Extra супермаркетінде оқ атқан. Әзірге күдіктінің бұлай істеуіне не себеп болғаны белгісіз.