Жол ережесінің өзгерістері күшіне енді
6 мамырда жаңа жол қозғалысы ережелері күшіне енді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігі жол ережесіне өзгерістер енгізді. Енді біртұтас сызықты кесіп өткеніңіз — қарсы бағытқа шығумен тең. Яғни ереже бұзған жүргізуші куәлігінен жарты жылға айырылады.
Жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер жобасы бойынша, сары бағдаршаммен жүруге толық тыйым салынбай, "егер бағдаршамның жұмыс режимі жасыл белгі өшіп-жанбаса" бұл жағдайда рұқсат беру туралы шешім қабылданады.
Қаз
Рус






