Оралда автокөлік қаққан 3 оқушы қыз ауруханада жатыр
230
Орал қаласында автокөлік қағып кеткен 3 оқушы қыз ауруханада жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 19 қыркүйек күні түсте Зачаган кентіндегі №30 мектеп жанында болды.
«Жедел жәрдем сағат 13.08-де шақырылды. 12 жасар қыз жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, самай тұсы көгерген. 11 жасар қыз да жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, ортан жілігі сынған. Денесінің көптеген жері көгерген. 13 жасар қыздың ортан жілігі сынған. Қазіргі кезде үшеуі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология бөлімінде, жағдайлары тұрақты»,- деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.