Оралда автокөлік қаққан 3 оқушы қыз ауруханада жатыр

250

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: https://vgr.by/2016/04/14/pyanyj-voditel-sbil-trekh-peshekhodov-v-tsentre-goroda/Орал қаласында автокөлік қағып кеткен 3 оқушы қыз ауруханада жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 19 қыркүйек күні түсте Зачаган кентіндегі №30 мектеп жанында болды.

«Жедел жәрдем сағат 13.08-де шақырылды. 12 жасар қыз жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, самай тұсы көгерген. 11 жасар қыз да жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, ортан жілігі сынған. Денесінің көптеген жері көгерген. 13 жасар қыздың ортан жілігі сынған. Қазіргі кезде үшеуі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология бөлімінде, жағдайлары тұрақты»,- деп хабарлады ведомстводан.


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.