Мұнай рекордтық өсуден кейін арзандай бастады

1 386

Мұнайдың әлемдік бағасы бір күн бұрын рекордтық күн сайынғы өсімнен кейін төмендеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің баррелі Астана уақытымен таңғы сағат 08:10-дағы сауда деректері бойынша 1,31 пайызға арзандап, баррелі 86,40 доллар болды.


WTI маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің баррелі 1,77 пайызға арзандап, 82,90 долларға жетті.


Айта кетейік, 10 тамыз күні түстен кейін Brent маркалы мұнайдың бағасы 2023 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет баррелі 88 долларға жетті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.