Ресейге салынған санкция теңгемізге қалай әсер етеді?

367

Фото - Caravan.kzАмерика Құрама Штаттары қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Ресей банкі, ұлттық әл-ауқат қоры және қаржы министрлігі шығарған облигацияларды сатып алуға, оларға қарыз беруге тыйым салды. Бұл тыйым 2021 жылдың 14 маусымында күшіне енбек.
 
Біздің сарапшылар мұндай санкциялардың салмақты екенін айтады. Дегенмен, осындай күн туарын алдын ала жорамалдап, Ресей де бұған қамданған болуы керек. Енді рубльдің күні не болады? Құлдырай ма? Сарапшылар айтады. Ресейдің орталық банкі Американың акциялар нарығынан ертерек шығуға тырысқан. Яғни құнды қағаздарын бұған дейін сатқан. Сөйтіп, бюджет қаражатын қайтарып үлгірген. Жақын уақытта рубль әлсіреуі мүмкін. Бірақ көп емес. Себебі санкция жағдайында Ресей алғаш рет өмір сүріп жатқан жоқ. 

«Көршіміздің экономикасы шектеулерге икемделді», - дейді сарапшылар.

Ресеймен біздің де экономика тығыз байланыста екенін ескерсек, сарапшылар бұл жағдай теңгемізге де әсер етпей қоймайды деді. Яғни рубль құлдыраса ұлттық валютамыз теңге де әлсіреуі мүмкін. Бәлкім доллар 440-қа баруы мүмкін деген болжам да айтылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.