Қазақстан жаһандық экономикалық рейтингте 36-орынға тұрақтады

2 528

Фото: ©Коллаж/ChatGPTҚазақстан сатып алу қабілетінің паритеті бойынша әлемдегі ең ірі экономикалар рейтингінде 36-орынға жайғасты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

Visual Capitalist аналитикалық жобасының дерегіне сәйкес, сатып алу қабілетінің паритеті бойынша есептелген жаһандық экономиканың жалпы көлемі 219,2 триллион долларға жеткен. Бұл көрсеткіштің жартысына жуығы Азия елдерінің еншісінде. Әлемдегі ең ірі экономика көшін Қытай бастап тұр - шамамен 43,5 триллион доллар. Екінші орында 31,8 триллион доллармен АҚШ орналасса, үшінші орын 19 триллион доллардан асатын көрсеткішпен Үндістанға тиесілі. Ал алғашқы ондыққа Ресей, Жапония, Германия, Индонезия, Бразилия, Франция және Ұлыбритания енген. Әлем экономикасы 219 трлн доллардан асты: Азия көш бастап тұр

Қазақстан 973 миллиард долларлық көрсеткішпен 36-сатыдан көрінді. Ел бұл тізімде экономикасы шамамен 988 миллиард долларды құрайтын Сингапур мен 949 миллиард долларлық көрсеткішке ие Румынияның ортасында тұр. Сонымен қатар Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланд, Колумбия және Оңтүстік Африка Республикасы сияқты елдермен қатарлас орналасқан.

Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалауынша, сатып алу қабілетінің паритеті көрсеткіші әр елдегі баға деңгейін ескеретіндіктен, экономикалардың нақты көлемін салыстыруға мүмкіндік берген.  Яғни бұл әдіс ел ішінде бірдей сомаға қанша тауар мен қызмет сатып алуға болатынын есепке алмақ. Сол арқылы экономиканың шынайы ауқымы мен өндіріс деңгейін дәл көрсеткен. Саннан сапаға көшу – бизнесті өркендетудің басты шарты. Орталық Азия өңірінде Қазақстан экономикалық қуаты жағынан көш бастап келеді. Ел өндіріс көлемі мен экономикалық белсенділік деңгейі бойынша көрші мемлекеттерден айтарлықтай алда тұр.