Шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлем енгізіледі
Шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлем енгізілгені салық мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде айтылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, бүгін палата депутаттары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр. Құжат Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді.
Оның айтуынша, бірыңғай мөлшерлеме міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді және әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің өсуін ескеретін болады.