Қазақстанда тұрғын үй кезегіне тұру ережелері өзгереді

2 549

Фото: pixabay.com2025 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу ережесі өзгереді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Енді тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде тек соңғы бес жылда өз баспанасы болмаған, бұрын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатыспаған адамдар есепке алынатын болады. Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда дұрыс емес ақпарат болса, өтініш қабылданбайды.

Жаңа тәртіптің мақсаты – тұрғын үйге шын мұқтаж азаматтарға мүмкіндік жасау. Сондықтан кезекке тұруға өтініш бермес бұрын қойылған талаптармен танысып шығу қажет.

Жаңа ережелер 15 қарашадан бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап кезекке тұру рәсімі сол талаптарға сай жүргізілетін болады.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.