Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі іске қосылады

2 665

Фото: 24.kzЕлде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі іске қосылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ал СТ-KZ (ЭсТэ-Кейзет) сертификаты мен индустриялық сертификаттардың күші жойылады. Себебі депутаттар “отандық өнім саналатынның бәрі, расында, атына заты сай емес” деген пікір білдіріп отыр. Сондықтан осындай жаңа жүйе қажет-ақ. Бірыңғай реестр - қазақстандық тауар өндірушілерді дұрыс сәйкестендіру шарасын іске асырады. Сәйкесінше, енді тізілімде бар тауар өндірушілер ғана мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады. Бүгін Мәжілісте “кейбір заңнамалық актілерге тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы қаралды. Тиісті құжатты депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады. 

Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Жаңа тізілім толыққанды ақпараттық жүйе болады және ол қажетті құжаттарды сараптама жүргізу үшін басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланады. Тізілімді енгізу өтініш беруші мен әкімші арасындағы байланыстарды минимизациялауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек тізілімді әзірлеу барысында жеке сараптамадан мемлекеттік сараптамаға көшу ұсынылады, онда бизнес өкілдері де қатысатын болады.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.